«Aqtόbe» телеарнасы: «Туған елге тағзым-2020» жобалар мен шығармашылық жұмыстардың желілік байқауы аяқталды

14 желтоқсан күні Ақтөбе қ. физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12D сынып оқушылары Нұрбике Қартбаева мен Санжар Махмұт «Aqtόbe» телеарнасының «Қайырлы таң, Ақтөбе» ақпаратты-сазды бағдарламасына сұхбат берді. 🔍«Туған елге тағзым – 2020» өлкетанулық-зерттеу экспедициясының маңызы мен оқушылардың жолдаған зерттеу жұмыстары, алған әсерлері және жоба жасау барысындағы сәттерімен бөлісті.

Дереккөз: http://aktobetv.kz/ru