Мектеп туралы

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы «Физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» Ақтөбе қаласындағы филиалы

 

 

Атауы: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы «Физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» Ақтөбе қаласындағы филиалы

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Мәңгілік ел көшесі, 8

Телефон: 8(7132) 704780, info@akb.nis.edu.kz

Жалпы ауданы: 21361 шаршы метрлік ғимарат

Жобалық қуаты: 120 орындық жатақханасымен бірге 800 орын

Материалдық-техникалық базасы: Мектеп ғимараты бір-бірімен байланысқан 9 корпустан тұрады. Корпустарда 68 кабинет, зертханалар, педагогикалық және ақпараттық технологияларды интеграциялау орталығы, жеке сабақ беру және психологиялық бейімдеу кабинеттері, 360 орындық асхана, екі спортзал және акт залы, қысқы бақ орналасқан. Мектеп жаңа құрылғылармен, био және нанотехнологиялық зертханалар, 159-дан астам компьютер, 660 ноутбук, 60 интерактивті тақтамен жабдықталған. Мектеп аумағында 5400 шаршы метрлік футбол алаңы, теннис және хоккей корты, волейбол және баскетбол алаңдары бар заманауи спорт кешені орналасқан.