Англиядағы Priory integrated College серіктестік мектебімен кездесу.
Ақтөбе қаласы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ағымдағы жылдың 1 желтоқсанында Англиядағы Рriory integrated College серіктестік мектебімен онлайн кездесу өтті. 2020 жылдың 1 желтоқсанында өткен Cisco WebEx-тің өкілдерімен кездесуде әр мектептен 9-сынып оқушылары күн тәртібіне енген жасөспірімдердің өмір салты, олардың дұрыс тамақтануы мен диеата секілді мәселелері төңірегінде өздерінің жұмыстарын ұсынды. Бұл кездесу барысында талқыланған мәселелер өзге де оқу бағдарламасына қатысты тақырыптар аясында, мәселен биология мен жобалық жұмыстар төңірегінде сөз қозғауға негіз болды.
Кездесудің негізгі мақсаты оқушылармен сұхбат жүргізе отырып, сұрақ-жауап алу арқылы шағын зерттеу жұмысын жүргізудің бастапқы дайындық кезеңіне ақпарат жинау болатын.
Оқушылар топтарға бөліне отырып, Қазақстан мен Англия жастарының арасындағы салауатты өмір салтын ұстануы мен денсаулықты нығайту төңірегіндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды талқылауға мүмкіндік алды. Екі топтың да оқушылары өзара ағылшынша еркін тілдесіп, кездескендеріне риза болды.
Қатысушылар кездесуде белсенділік таныта отырып, шара соңында ұйымдастырушыларға алғысын жаудырды.
Priory integrated College Priory серіктес мектебімен кездесу, Англия
21 мамырда Ақтөбе қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев мектебі мен Англия Priory integrated College арасында екінші онлайн кездесу өтті.
Ынтымақтастықтың екінші кезеңінде оқушылар Англия мен Қазақстан арасындағы өмір салтының ұқсастығы мен айырмашылығына арналған алғашқы кездесу кезінде жинақталған мәліметтер негізінде жобалық жұмыстарын ұсынды.
Серіктестіктің мақсаты – екі елдегі жасөспірімдердің өмір салтын салыстыру және шағын зерттеулер түрінде алынған мәліметтерді ұсыну арқылы биология тақырыптарын зерттеу.
Жобалар қызықты әрі сәтті болып шықты. Балалар өз мәдениеттеріне тән емес бір-бірі туралы қызықты ерекшеліктерді білді. Бұл қойылған мақсатқа жетудің сенімді белгісі болып табылды.