Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептерінің 5-сынып оқушыларының назарына!
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7 сыныптарында білім алу үшін конкурстық іріктеуден өтуге 5 сынып оқушыларын дайындау мақсатында «Виртуалды мектеп» жобасы жұмыс істейді.
Виртуалды мектеп – бұл оқушыларға Зияткерлік мектептердің бейіндік пәндері бойынша онлайн режимінде білім алуға мүмкіндік беретін қашықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы қосымша білім беруді ұйымдастыру нысаны.
Виртуалды мектептің сайты vs.nis.edu.kz vs.nis.edu.kz.
5-сынып оқушыларына арналған Виртуалды мектептің жұмыс кестесі
- 5 сынып оқушыларының тіркелуі – 30 наурыздан 24 мамырға дейін
- Бейіндік пәндер бойынша оқыту – 20 сәуірден 24 мамырға дейін
- Ағымдағы бағалау тест тапсырмаларын орындау – 20 сәуірден 24 мамырға дейін
- Қорытынды тестілеуден өту – 18 мамырдан – 24 мамырға дейін
Қосымша ақпаратты +7(7132)704 780 нөмірі бойынша алуға болады
Электрондық пошта: info@akb.nis.edu.kz