БҰҰ моделі – дипломатиялық қарым-қатынас рөлін ғана атқармайды, бұл мол тәжірибе жиынтығы

2020 жылдың 12 желтоқсанында БҰҰ моделі клубы 🌱Ақтөбе қаласындағы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде IV жыл сайынғы конференциясын өткізді. 📚Шараға Ақбөбек Халықаралық мектебі, Ақтөбе «Білім-инновация» лицейі, №21 мектеп-гимназиясы, №26, №28 және Бауыржан Момышұлы атындағы №62 жалпы білім беретін мектептердің оқушыларымен қатар Назарбаев Университетінің студенттері қатысты. 🔍Конференция тақырыптары: «Жойылып кету қаупі төнген жануарлардың түрлерін қорғау» – қоршаған ортаны қорғау комитеті және «ВИЧ / СПИД-тен зардап шеккендерді стигматизациялау» – әлеуметтік-гуманитарлық және мәдени мәселелер жөніндегі комитет.

 

Конференция қорытындысы бойынша келесі делегаттар төменде көрсетілген номинацияларды иеленді:
✔️Назерке Абдрахманова, Аружан Дәурен – «Үздік делегат»;
✔️Айханым Қуандық, Диляра Балғазова – «Үздік спикер»;
✔️Әнуар Тобанияз, Дильназ Әбдірахимова – «Құрмет грамотасы».