Жатақхана қызметі әр оқушыға қолайлы жағдай жасауға, олардың табысты оқуы үшін өмір мен денсаулықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Жатақханадағы тәрбие жұмыстары мектептің мақсаты мен міндеттеріне, миссиясы мен тәрбиелік құндылықтарына сәйкес және «Мәңгілік Ел» құндылықтары мен «Рухани жағыру» бағдарламасын ескере отырып жүзеге асырылады. Оқушылардың пікірлеріне сүйене отырып үйлесімді дамыған, рухани-адамгершілік жеке тұлғаны қалыптастыруда және азамат тәрбиелеуде тәрбие жұмысы білім берудің негізгі жеті бағытын жүзеге асыруға бағытталған.Сыныптан тыс жұмыстар келесі негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, отансүйгіштік тәрбие, интеллектуалды, полимәдениетті, көркемдік-эстетикалық, физикалық және психологиялық даму, көшбасшылық қасиеттерді дамыту.
Жатақхана міндеттері:
- студенттерге жайлы және қауіпсіз өмір жағдайларын қамтамасыз ету;
- білім алуға жағдай жасау, оқушылардың интеллектуалды, шығармашылық, рухани және физикалық қабілеттерін дамыту;
- ата-аналарды оқу-тәрбие процесіне тарту;
- жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беруді дамыту