Ақтөбе қ. физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздары мен оқушылары облыстық «Ақтөбе» газетінің бас редакторы, белгілі ақын Бауыржан Бабажанұлымен кездесті. Онлайн жиын барысында балалар ақынмен сұхбат құрып, тағылымды әңгімесін тыңдады. Бауыржан Өтеулиев өзінің шығармашылығы және жемісті 📚еңбек жолыннан сыр шертіп, ақындық өнердің қадір-қасиетіне тоқталды, өзі шығарған өлең жолдарын оқыды. Сөз соңында мектеп ұжымына алғыс білдіріп, келе жатқан 🇰🇿Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.
Тағылымы мол кездесу
