Туған елге тағзым!

2020 жылдың 7-10 желтоқсан күндері 🌱Назарбаев Зияткерлік мектептері арасында онлайн форматта «Туған елге тағзым – 2020» жобасы өтеді. 🔍Бұл «Назарбаев зияткерлік мектебі» дербес білім беру ұйымының ұлттық тарихымыз бен мәдениетімізді зерттеуге бағытталған ең ірі жобалардың бірі саналатын өлкетанулық-зерттеу экспедициясы. 👥Оқушылар 6 бағыт бойынша өз жұмыстарын қорғайды:

«Ұлы дала өркениеті» – тарихи мұра маршруты
«Туған өлкем – жұмақ мекен!» – табиғи қорықтар маршруты
«Ұлт руханияты – бабалар аманаты» – мәдени мұра маршруты
«Өндірістік инновация кепілі – зияткерлік әлеует» – инновациялық-өндірістік даму маршруты
«Селт еткізер, ерен ой» – жобадан кейінгі шабыт – шығармашылық жұмыс маршруты
«Туған жер – тұғырым» – үздік эссе маршруты