«Air Quality Checker»

«Туған елге тағзым – 2020» өлкетанулық-зерттеу экспедициясында «Өндірістік инновация кепілі – зияткерлік әлеует» бағыты бойынша – 11 сынып оқушылары Арман Жалғасбаев, Аида Көптілеуова, Төлеген Айтен «Ауа сапасын тексеру және АХҚЗ кәсіпорны өнімдері, өндіріс қалдықтарының ингибиторлық қабілетін зерттеу» тақырыбында командалық жұмыстарын қорғады. «Air Quality Checker» құрылғысының артықшылықтары – ауа ластаушы газдарды анықтайды, қолжетімді әрі үнемді, осылайша ауаның сапалы анализі арқылы экологтар мен СЭС қызметкерлерінің жұмыс сапасын арттыруға болады және экологияның жақсаруына үлес қосады, сондай-ақ жобасы барысында Төлеген Айтен Ақтөбе облысының өнеркәсіп орындары туралы толық мәлімет беретін сайт әзірледі.

Жоба жетекшілері:
✔️Сағынова Камшат Тұрғанбайқызы,
✔️Жанқұлов Жәнібек Азаматұлы,
✔️Келмұқанов Қуаныш Бейсембайұлы,
✔️Қауысова Ақзат Мейрамбайқызы