Мектеп ұжымы Сағын Қалжанұлының қайғылы қазасына байланысты туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады.

Бүгін Ақтөбе қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіңің ардагер ұстазы Мұхамбет Сағын Қалжанұлы кенеттен қайтыс болды.

Сағын Қалжанұлы Зияткерлік мектептегі домбыра үйірмесінің негізін қалап, жетекшісі болып зейнетке шыққанша қызмет етті. «Отличник просвещения» төсбелгісінің, ҚР БҒМ-ңің Құрмет грамотасы және Алғыс хаттары иегері. Дарынды домбырашы, педагог Сағын Қалжанұлын оқушылар жақсы көрді, әріптестері мен ата-аналар аса құрметтеді.

Ақтөбедегі Назарбаев Зияткерлік мектебі Сағын Қалжанұлының қайғылы қазасына байланысты туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады. Ағайдың жарқын бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.