Жас суретшінің көрмесі

Ақтөбеде Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы жеке суреттер көрмесін өткізді. Көрмеде Әмина Ерболат жазғы демалыс кезінде салған суреттерін ұсынды.

Оқушы өз туындыларында әр түрлі жанрлар мен материалдарды қолданды: кескіндеме, графика, акварель, гуашь, түрлі түсті қарындаштар. Мектептің көркемсурет студиясының жетекшісі, көрмеге арнайы, ең жақсы туындыларды таңдап алды.

Ұстазы талантты Зияткер НЗМ-дегі алғашқы күндерінен бастап, сабақтан босаған барлық уақытын сурет салу үйірмесінде өткізетінін айтты.
– Әмина сурет салуды шынымен жақсы көретін балалардың бірі. Ол сурет үйірмесіне 5-10 минутқа да келе алады. Жаз бойы көптеген жақсы жұмыстар жинақталды және біз оқу жылын көрменің ашылуымен бастауға шешім қабылдадық. Бұл көрмеден кейін өнер студиясының басқа мүшелері Әминаға қызығып, көрме жасауға талаптанып отыр. Мектеп қауымдастығы көрмеге қойылған жас өнерпаздың суреттерін жоғары бағалайды деп сенеміз, – дейді арт-студияның жетекшісі Илсуяр Казакова.

Болашақта Амина Ерболат өзі үшін шығармашылыққа қатысты мамандықты таңдағысы келеді, онда түсу үшін жетекшісі екеуі дайындықты бастап кеткен.