I облыстық физика пәні мұғалімдерінің шығармашылық конкурсы

2021 жылдың 30 сәуір күні мен 1 мамыр аралығында өңіріміздегі жалпы және орта кәсіптік білім беретін ұйымдардың педагогтары үшін алғаш рет физика пәнінен шығармашылық конкурс өтті. Ақтөбедегі Назарбаев Зияткерлік мектебінің физика әдістемелік бірлестігі ұйымдастырған шараға 30-ға жуық мұғалім қатысты. Елдегі эпидахуалға байланысты білім сайысы биыл қашықтан жүзеге асырылып, екі бөлімнен тұрды. Олимпиадалық кезеңде қатысушылар есептеулер жүргізіп, зертханалық жұмыстар орындады. Нәтижесінде бас жүлдені М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының физика пәні мұғалімі Жилгельдин Сабыржан Жексенғалиұлы иеленді.

 

I орын иегерері:

Сафиева Суфия Шамильевна – БҚО, Орал қаласының №32 жалпы орта білім беру мектебі

Муханова Ардак Куандыковна – Ақтөбе облысы, Шалқар қаласының №3 жалпы орта білім беру мектебінің физика пәні мұғалімі

Мұсатаева Бақтыгүл Исатайқызы – М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі

 

II орын иегерлері:

Ешпанова Замзагүл Сәттіғалиқызы – Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Табантал орта мектебі

Хупыр Арнур – №4 Мәртөк жалпы орта білім беретін мектебі

 

III орын иегерлері:

Асылисаева Кунзада Болатхақызы – Алға мектеп-гимназиясы

Амирхан Кұралай – М.Ломоносов атындағы жалпы орта мектебі

Бекбатырова Гулсим Мусаевна – №4 Мәртөк жалпы орта білім беретін мектебі

 

Шығармашылық конкурсқа қатысқан ұстаздардың сөзінше, олимпиада кезеңі ашық әрі әділ өткен, сондай-ақ барлық ережелер мен талаптар қатаң сақталған. Байқаудың комиссия мүшелері Ақтөбедегі NIS-тің мұғалім-модераторлары Шернияз Баймукашев және Айсұлу Уртамбаева, физика пәні мұғалімдері Жұлдыз Мусаева мен Мират Оспанов болды. Байқау үздік физиктерді анықтап қана қоймай, біліктілікті арттырып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді. Конкурстың екінші кезеңінде мектебіміздің ұстаздары қатысушыларға оқытудың заманауи технологияларын тиімді қолдану әдістері мен күрделі физикалық есептерді шығарудың жеңіл тәсілдері туралы ақпарат берді. Шара соңында жүлделі орын алған ұстаздар дипломмен марапатталып, қатысушыларға серификаттар табысталды.