2021 жылдың 30 сәуір күні мен 1 мамыр аралығында облыстың химия пәні мұғалімдері өз білімдерін шығармашылық конкурста сарапқа салды. 🌱Ақтөбедегі NIS-тің химия және биология әдістемелік бірлестігі ұйымдастырған байқау биыл алғаш рет онлайн форматта өтті. Конкурсқа 30-дан аса мұғалім қатыстып, олимпиадалық кезеңде өңірдің үздік химиктері анықталды. Нәтиже бойынша бас жүлдені ✔️М.Құрманғалиева атындағы жалпы білім беретін № 32 орта мектеп-гимназиясының ұстазы Жалашева Гүлнар Көптілеуқызы иеленді.
⠀
I орын иегерері:
⁃ Наурызғали Жұмагерей Наурызғалиұлы – № 1 Шұбарқұдық мектеп- гимназиясы
⠀
II орын иегерлері:
⁃ Әбдіғалиева Құралай Нұрадинқызы – Үш тілде оқытатын №21 орта мектеп-гимназиясы
⁃ Сәкен Раушан Сәкенқызы – Елек орта мектебі
⁃ Битабарова Хадиша Исабекқызы – М.Мақатаев атындағы № 47 жалпы орта мектебі
⁃ Сарбасова Айгерім Үсенқызы – № 1 жалпы білім беретін мектебі
⠀
III орын иегерлері:
⁃ Жамалбекова Дина Нурболатқызы – Aqbobek international school
⁃ Кеңес Гүлден Ерболқызы – № 35 орта мектебі
⁃ Танжарова Жайсулу Итемгенқызы – Әл-Фараби атындағы № 21 мамандандырылған гимназиясы
⁃ Мардаева Агипа Тукибаевна – Хлебодаровка ЖОББМ
⠀
📌Шығармашылық байқау қатысушылары үшін Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздары тренингтер, шеберлік сағаттар мен ашық сабақтар әзірледі. Ақтөбелік педагогтар іс-шараның жоғары дәрежеде өткендігін, сондай-ақ кәсіби біліктілікті арттырып, тәжірибе алмасуға үлкен септігін тигізгенін айтады.
I облыстық химия пәні мұғалімдерінің шығармашылық конкурсы
