Ақтөбедегі NIS педагогы «Қазақстан мұғалімі» Ұлттық сыйлығының финалисі атанды

Ақтөбе қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің физика пәні мұғалімі Мират Оспанов 2021 жылғы «Қазақстан мұғалімі» Ұлттық сыйлығының 10 үздік финалисі қатарына енді.

6 жылдан бері білім беру саласында үздіксіз қызмет етіп, ҚР Білім және Ғылым министрлігінің алғыс хаты мен көптеген марапаттарды иеленді. Бүгінде оның шәкірттері республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми-зерттеу конкурстарының жеңімпаздары атанып, ел намысын абыроймен қорғап келеді. Сондай-ақ жас педагог оқытудың инновациялық әдістерін зерттеу мақсатында «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияда тағылымдамадан өтті.

Мират Оспанов 2020 жылы NIS мұғалімдері арасында «Үздік ұстаз» байқауының үшінші орнын иеленсе, ҚР БҒМ ұйымдастыруымен өткен «Үздік педагог – 2020» республикалық сайысының жүлдегері атанды. Енді ол «Қазақстан мұғалімі» Ұлттық сыйлығының жеңімпазы, яғни Қазақстандағы жаһандық сыйлықтың амбассадоры құрметті атағы мен 10 000 АҚШ доллары мөлшеріндегі ақшалай сыйлыққа үміткер.