Ақтөбе тарихы электронды картада

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында еліміздің тарихына елеулі үлес қосқан тұлғалардың еңбегі мен өмір жолын қамтитын жинақтардың маңызын ерекше атап көрсетті. «Туған елге тағзым – 2020» өлкетанулық-зерттеу экспедициясындағы басты жобалардың бірі дәл осы мақалаға тікелей қатысты. 📎«Ұлы дала өркениеті» тарихи мұра маршруты бойынша мектебіміздің оқушылары «Ақтөбе облысының тарихи мұрасы электрондық картасының маңыздылығы» тақырыбында өз жұмыстарын қорғады. «Macromedia Flash» бағдарламасы арқылы облыс аумағындағы 12 ауданның тарихы мен сол аудандарға тән ескерткіштер зерттеліп, электрондық карта жасалды.

Қатысушылар:

Ескендір Теміртаев
Айшат Темірбаева
Томирис Бердібекова
Сұлтан Советов

Жоба жетекшісі: Хаджы-Мұқан Назгүл Хаджы-Мұқанқызы