Журналистерге арналған «Жаңа жағдайдағы білім беру» республикалық байқауы

Байқаудың мақсаты:

– жаңа жағдайда қазақстандық мектептерді ақпараттық қолдау;
– қазіргі білім берудегі жаһандық трендтер;
– үздік отандық дәстүрлер мен халықаралық тәжірибені біріктіру; ⠀
– нақты педагогтар мен ұжымдардың кәсіби жетістіктерін еліміздің орта білім беру жүйесіне тарату; ⠀
– сандық дәуір мен жасанды интеллект ғасырындағы мұғалімнің миссиясын өзгерту;
– мектеп пен отбасының табысты ынтымақтастығы, балаға игілікті және достас орта құру.⠀
👤Байқаудың қазылар алқасы⠀
– Аида Балаева – Ақпарат және қоғамдық даму министрі ⠀
– Бауыржан Омаров – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, Ұлттық Ғылым академиясының академигі;
– Дархан Қыдырәлі – «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы⠀
– Тимур Асланов – «Пресс-служба» журналының бас редакторы, «Пресс-служба года» халықаралық байқауының қазылар алқасының төрағасы (Ресей Федерациясы);⠀
– Мира Алипинова – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы баспасөз қызметінің басшысы⠀
✍🏻Байқауға қатысушылар⠀
Байқауға өңірлік, республикалық және шетелдік газеттердің, сайттардың, порталдардың, радиокомпаниялардың, телеарналардың, ақпараттық агенттіктердің журналистері, сондай-ақ журналист-фрилансерлер қатыса алады.⠀
⌛️Байқауды өткізу мерзімі⠀
NIS үш жылда бір рет білім беру тақырыбына маманданған журналистерге арналған республикалық байқау өткізеді.⠀
2021 жылы байқауға 2018 жылғы 1 маусымнан 2021 жылғы 1 маусымға дейін қазақстандық және шетелдік БАҚ-та жарияланған немесе эфирге шыққан талдамалық материалдар қабылданады.⠀
Бірінші кезең – материалдарды қабылдау⠀
(2021 жылғы 25 мамырдан 15 маусымға дейін)⠀
Екінші кезең – қорытынды шығару⠀
(2021 жылғы 15 маусымнан 20 маусымға дейін)⠀
Үшінші кезең – жеңімпаздарды марапаттау⠀
(2021 жылғы 20 маусымнан 28 маусымға дейін)⠀
👏🏻Жеңімпаздарды марапаттау⠀
Байқау қорытындысы бойынша әртүрлі номинацияларда он жеңімпаз және он лауреат аталады.⠀
Қазақтың ұлы ғалымы және ұстазы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай «Шамшырақ» арнайы номинациясы бекітілді.⠀
Барлық жеңімпаздар мен лауреаттар дипломдармен, бағалы сыйлықтармен, байқаудың символикасы бар кәдесыйлармен марапатталады.⠀
✔️Байқауды өткізу шарттары⠀
Байқауға әртүрлі жанрдағы материалдар – мақалалар, очерктер, талдамалық шолулар, сұхбаттар қабылданады (баспа материалдарының көлемі 12 000 белгіден аспауы тиіс).⠀
Материалдар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады.⠀
Байқауға өңірлік, республикалық немесе халықаралық БАҚ-та жарияланған немесе эфирге шыққан материалдар ұсынылуы тиіс. Баспа материалдарының авторлары мақалалардың түпнұсқалары мен скрин-шоттарын (басылымның атауымен, жарияланған күнімен), интернет-жарияланымдар – скрин-шоттар мен сілтемелерді (БАҚ атауымен, жарияланған күнімен), радио және телевизия материалдарын – электрондық тасығыштарда, сондай-ақ скрин-шоттар мен сілтемелерді (БАҚ атауымен, эфирге шыққан күнімен) ұсынуы тиіс.⠀
Конкурсқа ұсынылған жарияланымдар рецензияланбайды және қайтарылмайды.⠀
Материалдар 2021 жылғы 15 маусым Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 18.00-ге дейін қабылданады.⠀
Байқау материалдары төмендегі мекенжай бойынша қабылданады:⠀
010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Хусейн бен Талал көшесі, 21/1, ⠀
310-кеңсе, Баспасөз қызметі («Байқауға» белгісімен) ⠀
немесе электронды поштаға mediakonkurs2021@nis.edu.kz. ⠀
Қосымша ақпарат алу үшін:⠀
NIS баспасөз қызметі 8 (7172) 23 57 00 (ішкі 1118, 1117), ⠀
Сандуғаш Кожина 8 707 503 9005, kozhina_s@nis.edu.kz ⠀
Ергали Рамазанулы 8 775 258 9933, ramazanuly_e@nis.edu.kz