«Жақсы үміттің шырағы жанған күн»

Ұлы Отан Соғысының отты жылдарында жауынгерлерді қайсарлық пен ерлікке шақырып, жеңіске жетелеген әндер мен жырлар тарих беттерінде сақтаулы. Сұрапыл ұрыстарда жаумен бетпе-бет келіп, аянбай шайқасқан отандастарға ақындардың жүрегінен шыққан өршіл өлеңдер рух берді.

Ұлы Жеңіс күні қарсаңында 🌱Ақтөбедегі Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары және ұстаздары майдандағы солдаттарды жырымен тербеткен ақын-жазушылардың туындылары мен әндерін орындады. «Жақсы үміттің шырағы жанған күн» онлайн-концерті батырлардың өткен өмір жолынан сыр шертіп, ардагерлердің жүрек тебірентерлік ерлігін насихаттады.