Сыңғырла, соңғы қоңырау!

🌱Ақтөбедегі NIS-те соңғы қоңырау сылдыры ашық аспан астындағы студияда естілді. Өңірдегі эпидахуалға байланысты қашықтан өткен салтанатты жиында құттықтаулар мен тілектер айтылып, мектеп оқушылары өз өнерлерін көрсеткен концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Сондай-ақ барысында 2020-2021 оқу жылындағы білім алушылар мен ұстаздардың жарқын жетістіктері мен бағындырған белестері ерекше аталды. Ал мектебіміздің дәстүрлі шарасы «үздіктерді» анықтады: Ақтөбедегі Назарбаев Зияткерлік мектебінің ✔️«Үздік оқушысы» – Рустам Валеев. Ол – республикалық және халықаралық олимпиадалар мен жарыстардың жеңімпазы. ✔️«Үздік ұстаз» атағына биология пәні мұғалім-модераторы – Гүлназ Успанова ие болды, ал ✔️«Үздік ата-ана» номинациясы Касия Танкимоваға берілсе, ✔️«Үздік шаңырақ» атану «Алаш» шаңырағына бұйырды.
Мерекелік концерттің толық нұсқасына сілтеме: https://clck.ru/V5S8N