NIS-тің тікелей эфирінде – тамыз кеңесі: бесінші күн

Еліміздің түкпір-түкпірінен жиырма мың химия және физика мұғалімдері пәндік сессияларға қосылды, олардың барысында өзекті тақырыптар талқыланып, бейінді шеберлік сабақтары өткізілді.
Физика сабақтарында күштердің өзара әрекеттесуі және денелер қозғалысының жылдамдығы, термодинамика және энергияны сақтау заңдары және тағы басқалар қарастырылды. Бұл пәнді оқытудың ең тиімді әдісі эксперимент – оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптастырудың негізгі факторларының бірі.
Сауаттылықтың бұл түрі химия сабақтарында белсенді түрде қалыптасады, онда практикалық жұмыс барысында химиялық реакциялар мен процестердің заңдылықтарын зерттеу, сондай-ақ нәтижелерді болжау жүреді.
NIS-тің және жалпы білім беретін мектептерінің кәсіпқойлары ондаған мың әріптестерімен озық тәжірибелерімен бөлісті. Олардың қатарында Зияткерлік мектеп мұғалімдері Жанат Исалин, Мейрамгүл Кенжеханова, Махаббат Криволапова, Меруерт Қазбекова, Айман Қуанышбекова, Мадияр Бекбосынов, Әсел Сахиева және Қарақат Қанаева, №38 мектеп-лицейінен Әлия Дусчанова, №53 мектеп-гимназиясынан Рашид Құсайынов, сондай-ақ Орал қаласының №7 орта мектебінен Галина Окунишникова, Семей қаласының №37 гимназиясынан Алма Шәріпхан бар.
#NISTamyzConf2021