NIS тікелей эфирінде – тамыз кеңсесі: жетінші күн

Конференцияның қорытынды күні пәндік сессияларға 20 мыңға жуық Қазақстан тарихы мен дүние жүзі тарихы пәнінің мұғалімін жинады.
Мектептегі тарих сабағы тек дереккөздермен жұмыс жасау және адамзат өмірінің барлық кезеңінде болған оқиғалардан хабардар болу емес. Бұнда дүниетаным мен өз көзқарасын дәлелдеу қабілетін, тарихи оқиғаларды талдай білу мен қоғамдағы кейінгі өзгерістерді болжауды қалыптастыру маңызды. Бұл пікірді шеберлік сабақтары кезінде NIS тарих пәнінің мұғалімдері – елордадағы физика-математика бағытындағы мектептен Айгиз Тұрғанбаева мен Игорь Тен, көкшетаулық Гаухар Мукушева мен Петропавлдан Гүлнара Әлібаева, сонымен қатар орта мектептердің сарапшылары – Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Қожаберген жырау атындағы мектеп директоры Бауыржан Мұсабаев пен Көкшетау қаласындағы №2 мектеп-гимназиясының мұғалімі Әсел Асқарова қостады.
Республикалық тамыз конференциясын онлайн сессияға жиналған бес мыңнан астам мектеп кітапханашысы аяқтады. Назарбаев Зияткерлік мектептерін дамыту Департаментінің өкілдері – директордың орынбасары Аида Ағаділ мен менеджер Қарлығаш Алиева NIS мысалында мектеп кітапханаларын ұйымдастырудың инновациялық әдістері мен тәсілдерін бөлісті. Көкшетау, Павлодар, Тараз, Ақтөбе және Қостанай қалаларының Зияткерлік мектептерінің кітапханашылары мәтінмен жұмыс кезінде сын тұрғысынан ойлауды қалыптастыру, оқуды насихаттау кезінде интерактивті онлайн құралдарды қолдану, сондай-ақ оларды ұйымдастырудың дәстүрлі және онлайн форматтағы әртүрлі әдістері бойынша озық тәжірибелерін ұсынды.
#NISTamyzConf2021