Жатақхана

Құрметті ата-аналар!

“Назарбаев Зияткерлік мектептері” дербес білім беру ұйымы (бұдан әрі – ДББҰ) Басқарма отырысының 2024 жылғы 23 мамырдағы шешіміне сәйкес (№27 хаттама) 2022 жылдың 1 маусымында (№24 хаттама) бекітілген Назарбаев Зияткерлік мектептері жатақханаларының қызметін ұйымдастыру ережесіне (бұдан әрі – Ереже) өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін хабарлайды.

Ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, оқушының жатақханаға орналасуы/шығуына қатысты өтінішті оның заңды өкілдері «Жатақхана бойынша өтініштерді беру және қарастыру сервисі» (бұдан әрі – Сервис) https://otinish.nis.edu.kz/. арқылы жеке тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасын (бұдан әрі – ЭЦҚ) пайдалану арқылы жүзеге асырады. Оқушының заңды өкілі әр балаға өтінішті жеке жеке береді.

Жатақханадан орын алуға өтініш беру процесі туралы нұсқаулықпен осы жерден таныса аласыз.

Қосымша ақпарат алу үшін ДББҰ Тәрбие жұмысы департаментіне хабарласуыңызға болады.

Байланыс телефоны: 8-7172-23-57-00.

АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!

 

1. Заңды өкілдердің жатақханадан орын бөлуге өтініштерін қабылдау 2024 жылдың 3 маусым сағат 09.00-ден 14 маусым 18.00-ге дейін жүргізіледі.

2. Қабылдау Комиссиясының жұмыс уақыты:

Дүйсенбі – жұма күндері

3. Жатақханаға орындар бөлуге қатысты Комиссияның отырысы 2024 жылдың 24 маусымында өтеді.

 

 

Жатақхана жұмысын ұйымдастыру

Қараңыз

Жатақхана ережелері

Қараңыз