Дебат үйірмесі

Үйірменің мақсаты – оқушылардың коммуникативті-бағытталған әрекеттерін ұйымдастыру, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашуға бағытталған «Дебат» технологиясын оқып-үйрену.

Міндеттер:

  • «Дебат» форматын меңгеру;
  • әр түрлі мәселелер бойынша пікір алмасу кезінде оқушылардың өз пікірін дәлелдеу және қорғай білу қабілетін дамыту;
  • оқушыларға көпшілік алдында сөйлеуге машықтануға мүмкіндік беру;
  • оқушылардың дебаттарға дайындалу және қатысу кезінде олардың аргументтерін қолдау үшін ақпараттық технологияларды қолдану қабілеттерін қалыптастыру;
  • көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамыту.

Дебат технологиясы келесі дағдыларды алуға мүмкіндік береді:

  • логикалық және сыни тұрғыдан ойлау;
  • белгілі бір проблемаға шоғырлану;
  • бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру;
  • әр түрлі ақпараттарды жинау және түсіну;
  • өзіндік ұстанымын қалыптастыру және қорғау;
  • көпшілікке сөйлеу;
  • сауатты диалогтық қарым-қатынас және өзара оқыту.

Жетекшісі: Бисенғалиев Асқар Сақтағанұлы +7 702 134 1858

Жұмыс кестесі: сәрсенбі, сенбі