ҚР Жалпы білім беру мектептері

Ақтөбе қаласындағы №60 серіктес мектебімен кездесу

2020 жылдың 1 желтоқсанында Ақтөбе қаласындағы физика-математика бағыттағы Назарбаев мектебінде қаламыздағы «№60 жалпы орта білім беру мектебі» КГУ-мен кездесу өтті.

Бұл іс-шара оффлайн режимінде өткізілген алғашқы шаралардың бірі, ал мектеп – жоба аясындағы алғашқы жергілікті серіктес болып табылады.

Кездесу барысында Ақтөбе қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің  шетелдік мұғалімдері №60 мектептің YouTube арнасы үшін ағылшын тілі пәнінің мұғаліміне сұхбат берді, сонымен қатар оқушылардан құралған шағын аудиториямен әңгімелесіп, олардың сұрақтарына жауап беруге тырысты.

Сұхбатқа қатысқан пән мұғалімдері:

  • физика мұғалімі Koorosh Amirmonazah
  • информатика мұғалімі Aneesh Pradeep.

Бейнематериал көрермендердің қызығушылығын тудырып, бірнеше жүз қаралымға ие болды, сонымен бірге жағымды пікірлер айтылды.