Эквадор

Американдық серіктес мектеп Quito мектебімен кездесу

Американдық серіктес мектеп Quito мектебімен кездесу, Эквадор 13 қарашада Ақтөбе қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев мектебінде Эквадордағы Американың Quito мектебімен онлайн-кездесу өтті.

2020 жылдың 13 қарашасында «zoom» платформасында онлайн режимде  мәдениет пен тәжірибе алмасу мақсатында конференция өтті, оған  НЗМ  мектептерінің оқушылары мен мұғалімдері және  Эквадор мектептері қатысты. Бұл серіктес мектептермен ынтымақтастық жобасы аясындағы алғашқы конференция болды.

Кездесу барысында оқушылар 8-10 адамнан тұратын топтарға бөлініп, қарым-қатынас қабілеттілігін бақылау мониторингін жүргізу үшін екі елдің өкілдерінен тұратын мұғалімдермен бірге 5 мәжіліс залына жіберілді. Оқушылар бір-біріне өздерін  қызықтыратын сұрақтар қойып, алдын  ала дайындалған презентацияларымен бөлісті. Кездесу 40 минутқа созылды, соңында екі мектептің мұғалімдері арасында 10 минуттық рефлексия кезеңі өтті.

Кездесу серіктес мектеп мұғалімдері үшін де, НЗМ мұғалімдері үшін де жағымды әсер қалдырды. Конференцияның басты мақсаты орындалғаны атап өтілді: балалар мен барлық  қатысушылар Эквадор мен Қазақстанның мәдениеті, тұрмысы мен дәстүрлері туралы көп жаңа нәрселер білді және олардың әрқайсысының менталитетінің ерекшеліктері туралы қызықты ақпараттармен танысу оларды таң  қалдырды.

 

 

Ақтөбе қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Эквадор, American school of Quito серіктес мектебімен кездесу

Ақтөбе қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Эквадор, American school of Quito серіктес мектебімен кездесу, 7-11 желтоқсанда, Flipgrid платформасында Эквадор серіктес мектебімен ынтымақтастықтың екінші кезеңі өтті. Тәжірибе мен мәдениетті тиімді алмасу үшін НЗМ оқушылары Эквадор мектебінің оқушыларымен жұптарға бірікті.  Балалар жеке бейнематериалдарын түсіріп, сайтта   бөлісуге, презентациялар құруға, сондай-ақ оларға көзқарастар мен пікірлер қалдыруға мүмкіндік алды. Жұмыс барысында көптеген тақырыптар талқыланды, бірақ олардың ішінде ең маңызды болғаны барлық аймақтармен және әр елдің географиялық ерекшеліктерімен  танысу болды. Ынтымақтастықтың бұл кезеңіне әр мектептен жүзден астам оқушы қатысты. Эквадор мектебінің жоба менеджері, мұғалім Эван Ноффке оқушыларымыздың деңгейіне, формальды және академиялық тілді орынды қолдануыларына таң қалғанын айтты.