Медициналық қызмет

Өзін-өзі оқшаулау кезіндегі маңызды ережелер Презентация: Медициналық қызмет
Тыныс алу жаттығулары Көзге арналған Гимнастика
Жалпақ табанға арналған ЕДШ Сколиозға арналған ЕДШ

Медициналық қызмет мектеп және жатақхана оқушыларының денсаулығын сақтау мен нығайтуды, салауатты өмір салты мәдениетін дамыту жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз ететін Зияткерлік мектептің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Медициналық бөлімнің   балаларға арналған педиатрия, дәрігерге дейінгі және алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мамандықтары бойынша консультациялық-диагностикалық көмек көрсетуге 04.16.2014 жылғы №14005141 мемлекеттік лицензиясы бар.

Медициналық бөлімде педиатр кабинеттері, егу бөлмесі, диетолог кабинеті, 2 орындық  изолятор  бар.

Медицина қызметкерлерінің негізгі міндеті – мектепте оқушылардың денсаулығын сақтау мен нығайтуға, салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыруға бағытталған санитарлық-гигиеналық, емдік-профилактикалық және сауықтыру шараларын ұйымдастыру.

Қызметкерлер мен оқушылар  арасында  үнемі алғашқы медициналық көмек көрсету  сабақтар өткізіліп тұрады. Мектеп оқушыларының тамақтануының  ұйымдастырылуы бақыланады.

Мектеп оқушылары арасында жұқпалы ауруларды алдын алу мақсатында профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар жүргізіледі: профилактикалық егулер, науқастарды уақтылы тіркеу және оқшаулау.

Карантиндердің сақталуына, уақытылы дезинфекция жұмыстарына  бақылау жүргізіліп, мектеп оқушыларының сабаққа келмеу себептері анықталады.

Мектеп оқушылары, мұғалімдер мен ата-аналар арасында жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында санитарлық-ағарту жұмыстары жүргізіледі.

Медицина қызметкерлері кураторлық сағаттарға белсенді қатысады, өзекті тақырыптарда дәрістер оқиды, мектеп пен жатақхананың барлық сауықтыру шараларына қатысады.