Кітап әлемді бағындырады: үш жүзге жуық адам бір-біріне кітап сыйлады

Ақтөбе NIS-те нағыз дәстүрге айналған тамаша акция өтті. Халықаралық кітап және авторлық құқық күнін атап өту аясында үш жүзге жуық адам – мектеп қызметкерлері мен оқушылары – «Кітап әлемді бағындырады» атты шараға қатысты.

Акцияның басты идеясы – қатысушылар арасында кітап алмасу. Акция нәтижесінде қатысушылар кітаптан басқа бір-біріне жақсы көңіл-күй сыйлайды.