Хабар 24 телеарнасы: Ақтөбелік дарынды жас халықаралық Олимпиаданың алтын медалін еншіледі

Ақтөбелік дарынды жас Рустам Валеев география пәні бойынша халықаралық Олимпиаданың алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды «Хабар 24». Бұл – аталмыш пәннен ел қоржынына түскен алғашқы жүлде. Білім сайысы соңғы бір апта бойы Түркияда өтті. Пандемияға байланысты қатысушылар онлайн түрде додаға түсіп, бақтарын сынады. Әлем бойынша 46 елден өтініш білдірген 200 жас мультимедиялық тест тапсырып, картографиялық бейнелеуден өз өнерлерін көрсеткен. Нәтижесінде ақтөбелік дарын халықаралық байқаудың жеңімпазы атанды. Бұл Рустам Валеевтің география пәні бойынша алғашқы жүлдесі емес. Ол бұған дейін еуропалық Олимпиаданың күміс медалін иеленген болатын.

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/bilim-zh-ne-ylym/item/493253-a-t-belik-daryndy-zhas-khaly-araly-olimpiadany-altyn-medalin-enshiledi