«Qazastan» телеарнасы: Ақтөбелік оқушы жол сапасын арттыратын химиялық қоспа ойлап тапты

Ақтөбелік оқушы сапалы әрі берік асфальт жамылғысының құпиясын ашты! Гаухар Ахтанқызы екі жыл бойы зертханада жұмыс істеп кәдімгі картоптың көмегімен жол сапасын арттыруға болатынын дәлелдеп шықты. Ғылыми еңбегіне арнайы патент алып та үлгерді. Жас өнертапқышпен әріптесім Жақсыбек Кемал жүздесіп келді.  Ары қарай оқу

«Aqtobe» телеарнасы: Жол сапасы артады

Мектеп оқушысы сапалы әрі берік тасжолдың құпиясын ашты. Гаухар Ахтанқызы химиялық зертханада екі жыл бойы тынбай жұмыс істеп, кәдімді картоптың көмегімен жаңа қоспа әзірлеген. Оның ғылыми еңбегі патенттелді. Жас өнертапқышты Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы да қолдады.  Дереккөз: https://aktobetv.kz/kz/news/society/zhol-sapasy-artady

КазАқпарат: Ақтөбелік оқушы тасжол беріктігін арттыратын әдісті ұсынды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбелік оқушы тасжол беріктігін арттыратын әдісті ойлап тауып, жобаны патенттеп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ақтөбедегі Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Гаухар Ахтанқызы автокөлік жолдарының құрамындағы бетон беріктігін арттыратын химиялық қоспаны ойлап тауып, өнертабысын патенттеді. Дереккөз: https://lenta.inform.kz/en/aktobelik-okushy-taszhol-beriktigin-arttyratyn-adisti-usyndy_a3791078