«НЗМ» – NIS Program ДББҰ білім беру бағдарламасы

Құрметті ата-аналар мен оқушылар!

Сіздердің назарларыңызға Кіріктірілген білім беру бағдарламасының мазмұнындағы тарау атаулары мен іріктелген оқу мақсаттары ұсынылады.

КАЛЕНДАРНО-ТЕМАТИЧЕСКИЙ ПЛАН (КТП)

 Құрметті ата-аналар мен оқушылар! Сіздердің назарларыңызға Кіріктірілген білім беру бағдарламасының мазмұнындағы тарау атаулары мен іріктелген оқу мақсаттары ұсынылады.

 

Оқу бағдарламалары:

  • қазақстандық және халықаралық білім беру бағдарламаларын кіріктіруге;
  • білім беру үрдісін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұйымдастыра отырып, үш тілде оқытуды жүзеге асыруға;
  • күтілетін оқу нәтижелері ретінде белгіленген оқу мақсаттары жүйесін анықтау арқылы білім беру сапасын арттыруға;
  • оқушылардың ғылыми-зерттеу әдістерін үйренуіне ықпал ете отырып, жаратылыстану-математикалық білім беруде академиялық және практикалық бағытты біріктіруге;
  • оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, пәндік білім мен дағдыларды кезең-кезеңмен арттыра келе, пән мазмұнының тереңдігі мен күрделілігін қамтамасыз етуге;
  • жеке тұлғаны дамытуда қолайлы жағдайлар мен жағымды орта қалыптастыра отырып, білім беру үрдісіндегі тәрбиенің рөлін арттыруға бағытталған. («Кіріктірілген білім беру бағдарламасы», Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ)

 

Оқу бағдарламаларын өңдеу – үздіксіз жүргізілетін іс-әрекет, өйткені пән мұғалімдері оның мазмұнын өзара қайта қарап және қолданыстағы бағдарламаны жаңартып, жетілдіріп отырады.

Оқу бағдарламаларымен мұқият танысуларыңыз, Сізге білім бағдарлама мазмұнының мектеп миссиясы мен құндылықтарын айқындауға ықпал етеді.

Мектеп туралы толық мәліметті білу – ортақ нәтиженің жақын болуының кепілі!