Ата-аналар сенбілікте⁣⁣

«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында 7-сынып оқушыларының ата-аналары «Сенбілік» ұйымдастырды. Олар мектеп ауласындағы көгалдандыруға арналған аумақтың топырағын қопсытып, орнын дайындап, тазалық жұмыстарын жүргізді. Тазалық шарасына қырыққа жуық ата-ана қатысты.⁣⁣⠀

⁣⁣

Оқушының⠀тәртіпті де тәрбиелі, білімді болып қалыптасуының алғы шарты мектеп пен отбасының өзара байланысы арқылы жүзеге асады.⁣⁣⠀

– Ата-аналар демалатын алаңның айналасын тазартып, бізге оның ішінде жеке кездесулер мен кураторлық сағаттар өткізуге қолайлы қылып берді. 2 сағат уақыттарын бөліп, жанашырлық танытып, мектепті абаттандыруға көмектескен белсенді ата-аналарға рахмет, – деді педагог-ұйымдастырушы-куратор Бұрымды Түймебай.⁣⁣⠀

⁣⁣⠀

Ата-аналардың айтуынша мұндай шаралар табиғатты аялауға үйретіп қана қоймай, ата-аналарды өзара жақындастырады және мектеп оқушыларын еңбекке баулиды.