Ақтөбедегі NIS өкілдері батыс өңіріне танымал «Тандем» радиосында қонақта

Ақтөбе қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің тарих пәні мұғалімі Бибігүл Жакиева мен 11-сынып оқушысы Қызжібек Айтқұл «Тандем» радиосына сұхбат берді. Облысқа белгілі журналист Айсын Байтақованың «Аймақ тынысы» бағдарламасында Ақтөбедегі NIS-те өткен тәуелсіздік сабағы сөз болды. 3000-нан ақтөбелік оқушыны қашықтан біріктірген шара   ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылып, ел жетістіктері баяндалды.