Украина

Днепропетровск университеттерімен кездесу, Украина

14 сәуірде сағат 4-те Ақтөбе қаласындағы NIS командасы мен О. Гончар атындағы Днепропетровск ұлттық университеті, Кропивницкий музыкалық училищесі, сонымен қатар Михаил Туган-Барановский атындағы Донецк ұлттық экономика және сауда университеті құрамасы арасында «Ең ақылды» тақырыбындағы онлайн-турнир өтті.  Қатысушылар қаржы, тіл білімі, әдебиет және кино, спорт, тарих және басқа көптеген салалар бойынша терең білімдерін көрсетті. NIS командасының 10-11-сынып оқушылары, «Twinx» командасы турнир жеңімпазы атанды, екінші орынды жоғары сынып оқушыларының командасы, ал үшінші орынды Украина ұлттық құрамасының оқушылары иеленді.

Турнир үш кезеңнен тұрды, олардың әрқайсысы қойылған сұрақтарға жауап беру үшін сыни тұрғыдан ойлауды қолдана білуге бағытталды.

Бірінші раунд Kahoot алаңында өтті, онда ойыншылар максимальды 18 балл жинау үшін сайысты. Екінші кезеңде әр команда бір минуттың ішінде барынша көп сұраққа жауап беруге тиіс болды. Бұл кезеңде әр командаға екі мүмкіндіктен берілді. Үшінші кезеңде ойыншылар бұрын таңдаған тақырыптары бойынша сұрақтарға жауап берді. Жеңімпаздар осы үш турдың нәтижесі  бойынша анықталды.

Қазақстанның да, Украинаның да ойыншылары ойындағы динамикаға, мықты қарсылас пен бәсекелестік рухына шынайы ризашылықтарын білдірді, нәтижесінде олар алдағы уақытта осы бағыттағы ойындарға қатысуға әзір екендіктерін айтты.