Ақылы оқу

Назарбаев Зияткерлік мектептеріне ақылы оқуға қабылдау

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы ақылы негізде оқуға қабылдау туралы хабарлайды. Оқуға түсуге өтінішті оқушының заңды өкілі береді.

Ақылы негізде оқыту 7, 8, 9 және 11 сынып оқушылары үшін бос орындар болған жағдайда мүмкін болады. 10 және 12 сыныптарға ақылы негізде қабылданбайды.

Оқушыларды қабылдау Бос орындар санына сәйкес және оқу жылы ішінде жарамды өтінішті тіркеу нөмірі, күні және уақыты негізінде белгіленген кезектілік тәртібімен жүргізіледі.

Оқушылардың дайындық деңгейін анықтау үшін тестілеу жүргізіледі. Тестілеу нәтижелері бойынша ақылы негізде оқуға қабылдау туралы шешім қабылданады.

Ақылы оқуға алдын ала өтінім қалдыруды сұраймыз. Біз сізге қайта қоңырау шаламыз.

Ақылы оқытуға алдын ала өтінім