banner

Кітапхана

КІТАПХАНА

Мектеп кітапханасы мектеп инфрақұрылымының маңызды бөлігі, мектептің мәдени-ақпараттық орталығы, оқу-тәрбие процесінің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады.

Мұнда қызмет көрсету рөлі емес, кітапхананың шығармашылық, біріктіруші, синтездеу рөлі алға шығады. Қазіргі мектеп кітапханасы оқушы тұлғасының танымдық, интеллектуалдық, адамгершілік, рухани қасиеттерін дамытумен тікелей байланысты. Мектеп кітапханашысы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын, ақпараттық және функционалдық сауаттылығын, зерттеу дағдыларын дамытады.

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің кітапханаларында АҚШ, Финляндия, Оңтүстік Корея мектеп кітапханаларының озық тәжірибелері енгізілуде. Мектеп кітапханалары жаңа келбетке ие болуда – ашық, оқырман талабына сай.

Назарбаев Зияткерлік мектебінің кітапханасы үнемі даму мен жетілу үстінде. Назарбаев Зияткерлік мектебі кітапханашыларының тәжірибесі, әзірлемелері мен жетістіктері мектеп кітапханасында қолдану және енгізу үшін өте пайдалы.

 

Кітапхананың миссиясы

Оқушылар мен мұғалімдерге кітапханалық-ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету арқылы оқу-тәрбие процесін және өзін-өзі тәрбиелеуді қамтамасыз ету:

  • Мектептегі тәрбие жұмысының жоспары бойынша мектеп кітапханасының жұмысын құру;

  • Оқырмандарға кітапты және басқа ақпарат құралдарын пайдалануды, ақпаратты іздеуді, таңдауды және бағалауды үйрету;

  • Дәстүрлілікті жетілдіру және жаңа кітапханалық технологияларды дамыту;

  • Білім беру бағдарламаларына сәйкес кітапхана қорын қалыптастыру;

  • Кітапхана-ақпараттық қызмет көрсету аясын кеңейту;

 

Негізгі функциялар

  • Тәрбиелік:

  • Балаларды әлемдік және ұлттық мәдениет құндылықтарымен таныстыру, оқу-тәрбие процесіне көмек көрсету.

  • Ақпараттық:

  • Кітаппен жұмыс істеу дағдыларын меңгеру, ақпарат алу бойынша сабақтар өткізу;

  • Сыныптан тыс оқу бойынша кітаппен жұмысты ұйымдастыру және пән апталығын өткізуге көмектесу;

Кітапхана қабырғасында, мектепте, сыныптарда көрнекі үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастыру, кітапханаға жаңадан келген кітаптар бойынша ақпарат беру.