banner

Психологиялық қызмет

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

Психологиялық қызмет білім беру мекемесінде қауіпсіз және қолайлы атмосфераны құруда маңызды рөл атқарады, оқушылардың табысты оқуына және жеке дамуына ықпал етеді.

Мектептегі психологиялық қызмет – бұл оқушылардың, мұғалімдердің және ата-аналардың психологиялық денсаулығы мен салауаттылығын қамтамасыз ететін құрылым.

Мектептегі психологиялық қызметтің негізгі функцияларына мыналар жатады:

  • Психологиялық диагностика: балалардың дамуын бағалау, оқушылардың проблемалары мен қажеттіліктерін анықтау.

  • Кеңес беру: оқушыларға, ата-аналарға және мұғалімдерге оқу, әлеуметтену, қақтығыстар және басқа психологиялық аспектілер бойынша жеке және топтық кеңес беру.

  • Алдын алу: коммуникативті дағдыларды дамытуға, күйзелісті басқаруға және қиындықтарды жеңуге бағытталған профилактикалық іс-шаралар, семинарлар мен тренингілер өткізу.

  • Қолдау: оқушыларға қорлау, отбасылық проблемалар немесе жеке қиындықтар сияқты дағдарыстық жағдайларда көмек көрсету.

  • Ынтымақтастық: жайлы білім беру ортасын құру үшін мектеп әкімшілігімен, білім және денсаулық сақтау саласының мамандарымен өзара әрекеттесу.

  • Білім беру бағдарламалары: психоэмоционалды даму, әлеуметтік бейімделу және әртүрлі келеңсіз құбылыстардың алдын алу бойынша бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру.

Жобалар:

«Берік отбасы»

«Берік отбасы» бағдарламасы аясындағы арнайы тапсырмалар төмендегі міндеттерді қамтиды:

  • Ата-аналарға балаларын қолдауды үйренуге көмектесу.

  • Ата-аналарға балаларын тиімді тәртіпке келтіріп, тәрбиелеу жолдарын үйрету.

  • Балаларға болашаққа оң мотивация беріп, ата-анасына деген оң көзқарасты қалыптастыру.

  • Балаларға стресті жеңу және құрдастары қысым көрсеткен жағдайда сауатты әрекет етуге үйрету.

«Өз қалпыңда өзгелермен өмір сүр» жеке тұлғалық даму элективті курсы

Курстың мақсаты – өзін-өзі тануды, оқушылардың өзін-өзі басқару дағдыларын жетілдіру мен жауапкершілік позициясын дамыту, өзін және айналасындағыларды қабылдау, жағымды қарым-қатынас пен қайсарлық болмысты дамыту.

7-сынып оқушыларына арналған «Тұлғалық даму» курсы «Өз қалпыңда өзгелермен өмір сүр» тақырыбымен біріктірілген 17 сабақтан (сағаттан) тұрады. Элективті курс 5 бөлімнен тұрады: «Мен жаңа оқушымын. Өзгерістер өмірдің жаңа мүмкіндіктері ретінде», «Қалай сенімді болу керек», «Өз-өзіңе қамқорлық», «Менің шекараларым. Менімен қандай қарым-қатынас жасау қажет», «Менің эмоцияларым, ойларым мен әрекеттерім».

8-сынып оқушыларына арналған «Тұлғалық даму» курсы 17 сабақтан (сағаттан) тұрады және «Өз қалпыңда өзгелермен өмір сүр» тақырыбын жалғастырады. Курстың мақсаты – оқушылардың өзін-өзі қабылдау, зейінділік дағдыларын дамыту және кейбір жастарда кездесетін күйзелістерді жеңу. Курстың бөлімдері – «Мен жасөспіріммін», «Өз көңіл күйіңді жақсарту өз қолыңда», «Өзіңізге қойылатын талаптар және перфекционизм», «Қарым-қатынас, дос болу, сүю: қарым-қатынасты қалай құру керек», «Таңдау және мүмкіндіктер».

Курс сабақтары жасөспірімдердің даму салаларын, байқауға және бақылауға болатын өзгерістерді қамтиды: әдеттегі оқиғаларды қабылдаудың өзгеруі, олардың мінез-құлқы мен айналасындағылар, өзін-өзі сезіну және қарым-қатынас, шиеленіс пен стресстің төмендеуі, қарым-қатынас дағдыларының дамуы, позитивті көзқарас пен ойлау.

Курстың сабақ құрылымы 4 негізгі кезеңнен тұрады – қозғалыс белсенділігі, негізгі бөлім, практикалық бөлім, түйіндеме/рефлексия және жұмыстың келесі формаларын қамтиды – дереккөздерді талдау (мақалалар, құжаттар және т.б.), этикалық тақырыптар бойынша пікірталастар, рөлдік ойындар, іскерлік ойындар, бейнені қарау және талдау және т.б.

 

«Болашақты басқару: өзгерістерге  жылдам және жеңіл бейімделу тәсілі»

Бағдарлама 12 сынып оқушыларында қоршаған ортадағы өзгерістермен байланысты өмірлік мәселелерді шешуге ықпал ететін практикалық дағдыларды қалыптастыру арқылы бейімделу механизмдерін дамытуға бағытталған.

«Жетістікке жетудің психологиялық технологиясы: менің 5 жылға арналған жоспарым»

Бағдарлама жастардың өзін-өзі тануға және өзін-өзі жетілдіруге деген талпынысын қалыптастыруға, оларды тұлғалық жетістікке жетуге, кәсіби іс-әрекетке ынталандыруға, жеке және кәсіби мақсаттарды жоспарлауға бағыттауды көздейді.

«Емтиханға психологиялық әзірлік»

Мектеп оқушыларының емтиханға эмоционалды-позитивті қатынасын, өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру, емтиханға қатысты мазасыздық деңгейін түсіру.