banner

Жаңалықтар

«БЕРІК ОТБАСЫ» ЖОБАСЫ БОЙЫНША СЕРТИФИКАТТАР БЕРІЛДІ

27 қараша 2024 14:35

Орал қаласы NIS-те «Берік отбасы» жобасының қорытынды шарасы өтті.

Назарбаев Зияткерлік мектептері желісінде сәтті іске асып келе жатқан аталған жобаға мектеп ата-аналары биыл да белсенді атсалысты.

Жеті апта бойы 7-сынып оқушыларының ата-аналарына мектептің педагог-психологтері біраз құнды мәліметтер берді, бірге практикалық тапсырмалар орындады. Мысалы, отбасында саналы қатынас құру, сауатты диалог орнату, баланың ішкі әлеміне үңілу, мәселелерді даналықпен шешу, бірге тиімді уақыт өткізу секілді тақырыптар қамтылды. Ата-аналар мен оқушылар қауымына түрлі жағдаяттар мен ойындар ұсынылды.

Бүгін дәстүрлі жоба қорытындыланып, қатысушыларға сертификаттар табысталды. Шара соңында әдеттегідей ата-аналармен бірге «Бір үйдің баласындай» әні шырқалды.