Жаңалықтар
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС: ЕКІНШІ ТОҚСАНҒА ҚАРҚЫНДЫ ҚАДАММЕН
01 қараша 2024 10:33
Орал NIS-те кеше және бүгін кезекті тоқсанға қадамдарды нақтылаған Педагогикалық кеңес отырысы өтті.
Ұстаздар басқосуының бірінші күні «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру: білім беру қызметіндегі стратегиялар мен тәжірибелер» тақырыбында тренингілер өтті. Әр бірлестік мұғалімдері кәсіби бағытта ойталқы ұйымдастырды.
Екінші күні мектеп директоры Айдарбек Төлепұлы бірінші тоқсанды қорытындылап, жетістіктерге шолу жасады. Одан соң мектеп мұғалімдері Аймуханов Н.М., Сальменова Т.Б., Унгаралиева Э.С., Мағзомов Т.Ж. «Оқытуды дербестендіру мен саралаудағы цифрлық құралдардың рөлі. Мұғалімдер зертханасы» тақырыбында жаңашылдық бағытында тәжірибелерімен бөлісті.
Кеңес соңында оқу әдіскері Эльмира Баяшқызы 2024-2025 оқу жылының І тоқсанындағы оқу көрсеткіштерімен таныстырып, маңызды мәселелерді ортаға салды.