Жаңалықтар
Оқыту әдістері
22 қараша 2024 17:27
Павлодардағы NIS ұстаздары Екібастұздағы Абай Құнанбаев атындағы орта мектепте «Ауылдық жерлердегі тірек мектептер әлеуетін дамыту» жобасы шеңберінде тәжірибе алмасу ұйымдастырды. Кездесу барысында мұғалімдер оқушылардың танымдық, шығармашылық және зерттеушілік дағдыларын дамытудағы жетістіктерімен бөлісті.
Пән мұғалімдеріне шәкірттердің математикалық, компьютерлік, жаратылыстану және оқу сауаттылығын арттыру бойынша кеңестер берілді. Павлодардағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздары зертханалық жабдықтарды сабақта қолдануды көрсетіп, күрделі тақырыптарды оқыту әдістемесін талқылады