Жаңалықтар
Емтиханға дайындық
30 қазан 2024 17:20
Teams платформасында Назарбаев Зияткерлік мектептер арасында желілік әдістемелік кеңес өтті. Жиынға 9 мектептен 66 мұғалім қатысты. Әдістемелік кеңестің негізгі мақсаты - оқушыларды сыртқы жиынтық бағалауға дайындау. Ұстаздар арасында үздік педагогикалық тәжірибе алмасу болды. Павлодар қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Ирина Бабич қатысушыларға сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді.
Мұғалімдер оқушыларды 10-12 сыныптарда емтихан тапсыруға дайындау тәсілдерімен бөлісті. Оқытушылар өз табыстары, әдістемелік тәсілдері жайлы айтып берді. Әдістемелік кеңестен кейін мұғалімдер кері байланыс жасап, өзара ұсыныстарымен бөлісті.