banner

Жаңалықтар

Ұстаздар тәжірибе алмасты

01 қазан 2024 20:53

Павлодар қаласындағы NIS 30 қыркүйек және 1 қазан аралығында тірек мектеп мұғалімдері мен әкімшілігі тағылымдамадан өтті. Аталмыш шараға Ертіс, Баянауыл, Ақтоғай, Тереңкөл, Май, Ақтоғай, Павлодар аудандары және Екібастұз қаласынан 147 мұғалім қатысты.

📚Тағылымдамаға қатысушылар физика, химия, биология, математика, информатика, география, қазақ, орыс, ағылшын тілдері, тарих, өнер және дене шынықтыру сабақтарына қатысты. Сонымен қатар, оқытушылар мектептің кәсіптік бағдар беру жұмысы мен психологиялық қызметін ұйымдастырумен танысты. NIS Павлодар мұғалімдері оқыту тәжірибесімен бөлісті. Олар ашық сабақ, семинар, дөңгелек үстелдер, шеберлік сабақтары өткізіліп, оқуда критериалды бағалауды қолдануға ерекше назар аударылды.

Тірек мектептердің әкімшілігі үшін мұғалімдердің кәсіби дамуы, мектепті басқарудың стандартты емес тәсілдері, қызметкерлерді бағалау бойынша семинарлар ұсынылды. Сонымен қатар, қонақтар мектептегі олимпиадалық және ғылыми жоба бағытымен танысты.

Директорлардың тәрбие жөніндегі орынбасарлары үшін буллинг, кибербуллинг, эмоционалды интеллектті дамыту мәселелері қозғалды. NIS кітапханашылары өз тәжірибелерімен бөлісіп, кітапхана жұмысындағы инновациялық тәсілдер туралы әңгімеледі. Тірек мектептердің психологтарын Назарбаев Зияткерлік мектептерінде іске асырылатын ата-ана және оқушылармен жұмыс жөніндегі жобалармен білім ошағымыздың психологтері таныстырды. Тағылымдама соңында мұғалімдер мен тірек мектептердің әкімшілігі кері байланыс беріп, одан әрі кәсіби даму қажеттіліктері анықталды.