banner

Жаңалықтар

Әлім - халықаралық жарыста жеңімпаз

20 тамыз 2024 17:45

Павлодар қаласындағы NIS 12 сынып оқушысы Әлім Әнуар 8-16 тамыз аралығында Пекинде Халықаралық Жер ғылымдары олимпиадасында (IESO) қола медальге, ал командалық есепте күміс жүлдеге ие болды.

Шәкіртімізге толағай табыс тілейміз ✨️💫⚡️

8-16 тамыз аралығында Пекинде Халықаралық Жер ғылымдары олимпиадасы (IESO) өтті. Байқауға 35 елден 200-ден аса оқушы қатысты. Қазақстанның намысын 4 қатысушы қорғады, олардың үшеуі – NIS оқушылары.Жеңімпаздар қатарында Павлодар қаласындағы NIS 12 сынып оқушысы Әлім Әнуар бар. Ол командалық есепте II орынға, ал жеке сайыста қола жүлдеге ие болды.

Халықаралық Жер ғылымдары олимпиадасы (IESO) – орта мектеп оқушылары арасында геология, метеорология, геофизика, мұхиттарды зерттеу ғылымы және астрономия пәндері бойынша жыл сайын өткізілетін сайыс. Олимпиада 2007 жылдан бастап ұйымдастырылады. Қазақстанның жас геологтар командасы IESO-ға 2015 жылдан бері қатысып келеді.

Әлімнің айтуынша, сайыс үш бағытта болған. Жеке тестілеу, халықаралық далалы жерлерді зерттеу және Earth System Project жобасын қорғау.

- Сайыста океонология, метеорология, экология тараулары бойынша тесттік сұрақтар болды. Тәжірибелік бөлімде Пекин тауларына барып, геологиялық балғамен тасттарды жарып, жер бедеріне байланысты сұрақтарға жауап бердік. Командалық есепте Earth System Project (ESP) басқа елдерден келген қатысушылармен бірге, «Жер мен Марс планеталарында өмір сүру қолайлылығын» салыстырды, - дейді Әлім Қанатұлы.

Шәкірттің айтуынша, оның тобында Франция, Корея, Эстония, Тайвань, Шри-Ланка елдерінен болған.

- Маған олимпиаданың ұйымдастыру деңгейі ұнады. Әсіресе Қытай елінің мәдениті мен өркениетінен сыр шертер бағдарламалар мен сапарлар. Бұған дейін мен халықаралық жарыстарға қатысқан емеспін. Сондықтан мен үшін басқа қатысушылармен бәсекеге түсу алатынымды білгім келді. Қытай құрамасы мен Шығыс Азияның басқа елдері жоғары нәтиже көрсетті. Себебі бұл елдерде «Жер туралы ғылым»

математика, химия пәндері сияқты маңызды пән болып табылады. Осы атаулы додада 3-ші орынға ие болғаныма қуаныштымын. Алда болатын жарыстарда Қазақстан жоғарыда аталған елдердің тізіміне енеді деп үміттенемін, - деді Әлім.

Мұндай іс-шараларға қатысу жас геологтарды болашақта маман ретінде дайындауға және тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер етеді, оқушылардың таным көкжиегін кеңейтіп, елдер арасындағы достық байланыстарды нығайтады.

Аяулым Толегенова

Павлодар қаласындағы NIS PR менеджері