banner

Жаңалықтар

“KіVa" БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА СЕМИНАР-ТРЕНИНГТЕР

16 тамыз 2024 17:20

Өскемендегі Назарбаев Зияткерлік мектебінде “KіVa" буллингке қарсы бағдарламасы аясында пилоттық жобаның өңірлік семинар-тренингтері болып өтті.                                           

Семинарға облыстағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ауылдық тірек мектептерінен қатысушылар келді. Самар, Зайсан, Марқакөл, Тарбағатай аудандарының ұстаздарын біріктірген тренинг қатысушылар үшін өте құнды дүниелерді ұсына білді.                                                                        

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің дербес білім беру ұйымы Қазақстан мен орталық Азияда KіVа бағдарламасының бірінші лицензияланған серіктесі болып табылады.                                                

KіVа ғылыми зерттеулерге негізделген және сабақтар, ойындар, онлайн ресурстар және ересектер мен ата-аналардың қолдауы сияқты бірқатар компоненттерді қамтиды. Негізгі принциптердің бірі- оқушыларды буллингке қарсы іс-қимыл процесіне белсенді тарту, бұл мектепте сенім мен қолдау атмосферасын құруға көмектеседі.                                                         

Оқыту жұмыстарын директордың тәрбие ісі жөніндегі орындасары Мухтарханова Г.Т, педагог-психолог Сейлгазинова А.М және педагог-ұйымдастырушы-кураторлар Нетбаева Ж.К, Сағдашев Ш. Б өткізді.