«Ауылдық жердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы аясында шеберлік сабақтар мен тренингтер өткізді.

29 қараша 2024 16:00

29 қараша күні Қарағанды қаласының ХББ НЗМ-нің мұғалімдері Ұлытау ауданына барып, Қарағанды және Ұлытау облыстарының педагогтары мен әкімшілік қызметкерлеріне «Ауылдық жердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы аясында шеберлік сабақтар мен тренингтер өткізді.

Іс-шара Ұлытау ауданындағы №1 орта мектепте өтті. Бағдарлама аясында физика, математика, қазақ тілі мен әдебиеті, дене шынықтыру пәндерінің мұғалімдері мен сынып жетекшілеріне арналған сессиялар ұйымдастырылды. Әр шеберлік сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға, жаңа технологияларды қолдануға және жобамен қамтамасыз етілген құрал-жабдықтармен тиімді жұмыс істеуге баса назар аударылды.

Педагогтар тәжірибе алмасып, ауыл мектептеріндегі білім беру ортасын дамыту жолында маңызды қадам жасады