🌱♟Барлық NIS мектептерінде шахматтан желілік спартакиада бастау алды

19 қараша 2024 11:17

Ақыл мен ой жарысы, зияткерлер додасы - шахматтан желілік спартакиада барлық Назарбаев Зияткерлік мектептерінде бастау алды. Биыл жарысқа үш жас санатында 180-нен астам шахматшы зияткерлер қатысуда. Екі күнге созылатын дәстүрлі додада оқушылар ой жарыстырып, үздік атануда өзара бақ сынасады.

Аталған дәстүрлі турнирге мектеп атынан:

Нурманова Наргиз, Жақан Ерасыл, Ғалымбек Алихан, Жумагулов Рустем, Ибадулла Мардан, Беркін Айару, Қайырбек Диана, Турымова Адия шахматшы зияткерлері қатысуда.

Желілік спартакиада қорытындысы 20 қараша күні анықталып, белгілі болады.

Ақыл-ой жарысында шахматшы зияткерлерімізге жеңіс тұғырынан көрінуге сәттілік тілейміз!