🌱 Назарбаев Университетінің профессорымен кездесу: жасанды интеллект мүмкіндіктері

15 қараша 2024 13:27

13 қарашада мектеп кітапханасында Назарбаев Университетінің профессоры Siamac Fazli мен аға менеджер Енлік Бауржановна жоғары сынып оқушылары мен мұғалімдерге «Teaching Machine Learning in High School: Key Concepts and Practical Applications» (Машиналық оқыту: негізгі ұғымдар мен қолдану) тақырыбында дәріс өткізді. Олар жасанды интеллект пен машиналық оқытудың маңызды аспектілерін түсіндіріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Айта кетейік, профессор кездесуге өз студенттерімен бірге келді. Жас ғалымдар өз жобаларын таныстырып, жасанды интеллектті қолдану саласындағы тәжірибелерімен бөлісті.

Жас ғалымдармен және профессорлармен ашық пікір алмасу оқушыларға жаңа идеялар берді. Кездесу соңында мектеп ұстаздары мен оқушыларға тиімді дәріс өткізген НУ өкілдеріне арнайы алғыс хат табыс етілді.