banner

Жаңалықтар

🌱Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мен Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев халықаралық олимпиададан жеңімпазы зияткерлерімізді арнайы құттықтады

18 қазан 2024 12:08

IChO – 2024 жетістігі

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин және Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев халықаралық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларымен кездесті.

Айтулы басқосуға мектеп мақтаныштары, химия пәні бойынша Халықаралық олимпиадасының (IChO) алтын медаль иегері Ким Кирилл мен күміс медаль иегері Кабдулхадыр Абылай қатысты. Мемлекеттік кеңесші кездесуде қазақстандық оқушылардың жыл сайын көптеген халықаралық білім додасында топ жарып жүргенін атап өтті.

International Chemistry Olympiad дүниежүзілік ең беделді топ-7 олимпиадалардың қатарына кіреді. Сауд Арабиясында өткен IChO-2024 химиядан 56-шы халықаралық олимпиадасында жеңіске жеткен оқушыларымыздың жетістігі еліміздің білім беру жүйесінің сапасын көрсетіп қана қоймай, Қазақстанның халықаралық деңгейдегі беделін арттырады.

Бұл жеңіс тек қана жеке жетістік емес, сонымен қатар еліміздегі білім берудің дамуы мен жас ұрпақтың ғылыми әлеуетін дамытудың маңызды көрсеткіші.

Сонымен қатар, халықаралық пәндік олимпиадаларда алтын медаль алған оқушыға 1500 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде, күміс медальға 1000 АЕК, ал қола медальға 500 АЕК мөлшерінде ақшалай сыйақы тағайындалды.

Басқосу соңында Ерлан Қарин олимпиада жеңімпаздарына ыстық ықыласын білдіріп, жас өрендердің қажырлы еңбек, жаңашылдық пен жасампаздық арқылы ел жастарына үлгі-өнеге көрсетіп жүргенін атап өтті.