Жаңалықтар
TEENNOVATORS: NIS ОҚУШЫЛАРЫ ЖАҢА ПЛАТФОРМА ОЙЛАП ТАПТЫ
17 қазан 2024 14:22
Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS оқушылары Алинур Бисенгали және Амирхан Кулмуханбетов жасөспірімдерге арналған «Teennovators» платформасын ойлап тапты. Зияткерлердің бұл жобалары оқушылар дайындаған инновациялық идеяларды дамытуға және әлеуетін арттыруға бағытталған.
11 қазан күні платформа авторлары Алматы қаласының жоғарғы сынып оқушылары арасында алғашқы старт-ап байқауын өткізді. Жарысқа қала бойынша 62 команда қатысуға өтініш берген. Нәтижесінде «JanaArba», «TIRU», «SHEcodesImpact», «Baspaz», «GirlVision», «Janaru», «InnovativeX» командалары қазылар алқасының мүшелеріне өз жобаларын ұсынды.
Жеңімпаздар тізімі төмендегідей:
I орын – JanaArba
II орын – TIRU
III орын – SHEcodesImpact
Зияткерлік мектеп ұжымы қатысушыларға және жарыста қазылық еткен Зәуре Розмат, Мүслім Жолдасбаев, Ғалымжан Әбдікәрімов, Айдана Айтуарова және Қайнар Марденов секілді стартап-коммюнити мүшелеріне алғыс білдіреді.