Зияткерлік мектеп оқушылары бекіре тұқымдас балықтардың қалай өсірілетінін білді.

Ақтөбеден 60 шақырым жерде Қазақстандағы жалғыз «Ардағым» бекіре тоған фермасы орналасқан. Мұнда кәсіпкердің жеке бастамасы мен мемлекет қолдауының арқасында жасанды тоғандар жасалып, бекіре балықтарының шабақтары әкелінген.

Кәсіпорын иесі Момынжан Исмаиловтың айтуынша, бекіре тұқымдас балық өсіру қажырлы еңбекті қажет ететін күрделі процесс. Тиісті жағдай жасау айтарлықтай инвестиция мен күш-жігерді қажет етеді.

– Мен бекіре тұқымдас белуга балығының уылдырық беретінін білдім. Ал балық неғұрлым үлкен болса, жұмыртқаның әртүрлілігі соғұрлым жоғары болады. Мұнда арнайы ванналарда шабақтар да өсіріледі, бұл үшін барлық жағдай жасалған: терморегуляция, суды тазарту, оттегімен қанықтыру, – дейді NIS Ақтөбе 8-сынып оқушысы Нұрәлі Жеңіс.