Зияткерлердің қайырымдылық істері

Ақтөбе қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9 «А», «D», 8 «А» сынып оқушылары мен кураторлары «10 қадам» қайырымдылық бағдарламасы аясында «Аналар үйіне» қайта барып қайтты.

Жоба барысында Зияткерлер аналар үйіндегі кішкентай бүлдіршіндерге ойыншықтар,киімдер, керекті заттар табыстады. Оқушылар осындай қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып,көмек білдіре алатындарын мақтан тұтады.

Аталған жобалар шаңырақтар арасында жалғасын табатын болады. Назарбаев Зияткерлік мектептерінде осы сынды басқа да игі істер «Қоғамға қызмет ету» әлеуметтік жобасына аясында жүйелі түрде ұйымдастырылады.