Зияткерлер жеңіл атлетикалық кросс жүгірді

Ақтөбедегі Зияткерлік мектептің 10 жылдығына орай спорттық-бұқаралық іс-шаралар басталды. Олардың бірі – жеңіл атлетикалық кросс. Мектепішілік кроссқа 120 зияткер қатысты.

Жеңіл атлетикалық кросс мектеп спорт алаңында барлық сыныптар арасында өтті. Дене тәрбиесі бірлестігі оқушылардың арасында дене тәрбиесі және спорт шаралары арқылы салауатты өмір салтын насихаттауды, сабақтан тыс жарыста үздік оқушыларды анықтауды көздейді.

– Жарыс жеңіл атлетика ережесіне сай өтті, оқушылар жақсы дайындықтарын көрсетті. Сыныптастарын қолдаған оқушылар көп болды. Топ жарған командалар мен үздік оқушылар анықталып, грамотамен марапатталды, – деп бөлісті Нұрғали Сарыпбеков, дене шынықтыру бірлестігінің жетекшісі.